Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

Қарағанды облысының барлық мектептері робототехника зертханаларымен қамтамасыз етіледі

2018 жылғы 14 қаңтар 07:45 684
Поделиться:
Қарағанды облысының барлық мектептері робототехника зертханаларымен қамтамасыз етіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов білім беру робототехникасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге аймақтың кәсіби техникалық білім саласында аймақаралық құзірет орталықтары құрылатын болады. Ол туралы облыс әкімі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды талқылауға арналған актив жиналысында мәлімдеді.

«2016-шы жылдан бастап білім берудің жаңартылған құрамына ауысу басталды. Жаңа бағдарламалар бойынша біздің облысымыздың 40%-дан астам мектеп ұстаздары дайындықтан өтті, осы жылдың соңына дейін олардың үлесі 60%-ға дейін ұлғаяды. Сіздер білесіздер, 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңартылған құрамға ауысқан мұғалімдердің жалақысы 30%-ға көтеріледі», - деді Ерлан Қошанов.

Ол сонымен қатар облыстың робототехника білімін дамытуға басымдылық жасап отырғанын айтты.

«Тек соңғы жылдың өзінде-ақ мектеп зертханаларының саны 47-ден 200-ге дейін ұлғайды. Біздің алдағы жылға қойып отырған мақсатымыз - робототехникамен барлық орта және негізгі мектептерді қамту. Олардың саны бізде - 467, - деді аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне. - Осыған орай мектептердегі робототехника зертханалары базасында технопарктер құру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Менің ойымша оны облысымыздың барлық қалаларында жасауға болады».

Ерлан Қошанов қосымша білім ұйымдарының, әсіресе техникалық бағыттағы мекемелередің желісін кеңейту қажет деп ойлайды.

«Біз кәсіби және техникалық білім жүйесін жетілдіруді жалғастырамыз. 3 колледж негізінде аймақ аралық құзірет орталықтары құрылатын болады, - деп түсіндірді ол. - Біздің облысымыздың екі колледжі республика бойынша алғашқылардың бірі болып жоғарғы дәрежеге ие болды. Білім басқармасына жаңа оқу жылынан бастап олардың санын алтыға дейін өсіруге тапсырма беремін». 

 

 


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Білім,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат