Қарағанды облысының әкімі зейнеткерлерге жеңілдетілген жол ақысын қайтаруды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов зейнетке шыққан азаматтарға жеңілдетілген жол ақысын шектеу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Аймақ басшысы бұл әрекеттерге жол берілмеуі керектігін тілге тиек етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Жеңілдетілген жол жүру билеттерін шектеуге тыйым салу керек. Бұл мәселенің заңды жағын да қарастыру қажет. Қарағандының жолаушы тасымалдайтын мекемелері өз мойындарына міндеттемелер алған меморандум болды. Бұл ретте моральдық тұрғыны да ұмытпаған абзал», - деді аппараттық жиналыс барысында Ерлан Қошанов.

Ол Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровке бүгінгі күннің соңына дейін жолаушы тасымалдаушылармен бұл мәселенің шешімін табуды тапсырды.

Қарағандыда зейнеткерлер автобустар мен маршруттық таксиде 50 теңге жол ақысын төлеп жүретін. 2014 жылы билік өкілдері мен жолаушы тасымалдаушылар арасында қол қойылған меморандумның мерзімі аяқталуына байланысты 22-ші мамырдан бастап бұл жеңілдікті шектеу туралы шешім қабылданды. Дүйсенбіден бастап зейнеткерлер жалпыға ортақ тариф бойынша қоғамдық көліктерде 80 теңге төлеулері тиіс еді.

Соңғы жаңалықтар