Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

Қарағанды облысының әкімі мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне 5 млн теңге табыс етті

Қарағанды облысының әкімі мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне 5 млн теңге табыс етті
2017 жылғы 19 мамыр 22:03 1242

Қарағанды қаласында кәсіби мереке қарсаңында ең үздік мәдениет және өнер қызметерлеріне сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті. Жалпы сомасы 4,7 млн теңгені құрайтын облыс әкімінің сыйлығы 21 номинация бойынша табысталды. 

«Мен бүгін мына залда жасаған еңбектері зор әрі баға жетпес танымал әртістерді, атақты суретшілерді және режиссерлерді, мәдениет қызметкерлерін көріп отырмын. Біздің Сарыарқамыз ғасырлар бойы өз дарындыларымен әйгілі. Қарағанды - еліміздің мәдени орталықтарының бірі, - деп құттықтау сөздерін жеткізді облыс әкімі Ерлан Қошанов - Біздің мақтан тұтар тұстарымыз жетерлік. Қарағандылық әртістер әлем сахналарда өнер көрсетеді, жергілікті театрларымыздың залдары көрерменге толы. Біздің кітапханаларымыз бен мұражайларымыз үлгілі боларлықтай», - деді. 

Қарағанды облысының әкімі мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне 5 млн теңге табыс етті

Биылғы жылы 22 адам облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Мәдениет саласының үздік қызметкерлеріне тағайындалған сыйлық құны 200 мың теңгені құрады. «Мамандығына адалдығы үшін» атты номинация бойынша 500 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйлық Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жетекші әртісі Қайрат Кемаловқа табыс етілді. 

«Жыл әртісі» - Алексей Шумский, ЖКТ (ТЮЗ) Теміртау;
«Жыл әртісі» - Әнуар Маржан, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры;
«Жылдың үздік эпизодтық рөлі» - Ерке Байдешев, С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған театры;
«Жылдың үздік театр режиссері» - Александра Большакова, К.Станиславский атындағы орыс драма театры;
«Жылдың эстрада жанрының вокалисі» - Мадина Джанабаева, Қ. Байжанов атындағы КБ солисі;
«Жылдың классика жанрының вокалисі» - Виктор Игушкин, академиялық музыкалық комедия театрының солисі;
«Халық әнін үздік орындаушы» - Дулат Аханов, Қ.Байжанов атындағы КБ солисі;
«Жылдың үздік инструменталисі» - Сергей Сыпков, академиялық музыкалық комедия театрының солисі, Владислав Бадрах, Қ.Байжанов атындағы КБ симфониялық оркестр әртісі;
«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» - Айгүл Әужанова, Қ. Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестр әртісі; 
«Жыл дирижері» - Үкібай Дүйсен, Қ.Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестр;
«Жыл хореографы» - Татьяна Судакова-Попович, академиялық музыкалық комедия театрының солисі;
«Балет және хореографиялық ұжымының үздік артисі» - Мархабат Төкенова, Қ.Байжанов атындағы КБ «Аққу» фольклорлы-хореографиялық ансамблі;
«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» - Вера Кулахметова, Ұлытау ауданы МҮ;
«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» - Айжан Шакенов, «Молодежный» МҮ директоры;
«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» - Ержан Бләлов, Қарқаралы ауданы Тегісшілік ауылдық округінің Восток ауылы клубының мәдени ұйымдастырушысы;
«Ауылдың үздік кітапханашысы» - Гүлмира Ажмағамбетова, Нұра ауданы ОКЖ директорының орынбасары;
«Үздік кітапханашы» - Жанар Окасова, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың әдістемешісі, Қаражал қаласы;
«Жылдың мұражай қызметкері» - Салтанат Қатұмбаева, Шет ауданы археолого-этнографикалық мұражайының жетекшісі;
«Алтын жолақ» - Сүйіндік Жанысбай;
«Жылдың үздік суретшісі» - Жанат Комутов. 

Өз кезегінде Ерлан Қошанов барлық лауреаттарды алған марапаттарымен құттықтап, келесі жылы сыйлық көлемі ұлғайтылатынын жеткізді.

 

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Мәдениет, Өнер, Әкімдік,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер