Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Франция елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Франция елсіші Филипп Мартинэмен кездесті. Олар өнеркәсіп және туризм саласындағы әріптестік әлеуетін талқылады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аймақ басшысының айтуынша, Қарағанды облысында шыққан өнімдер әлемнің 50 еліне экспортталады, оның ішінде Францияға да. Дегенмен, сыртқы сауда айналымында Франция үлесі небары 0,2% пайызды құрайды және де соңғы жылдары бұл көрсеткіш төмендеп барады.

Ерлан Қошанов облысымыз Франциямен іскерлік байланысты жақсартуға қызығушылық танытатынын айтты.

null«Біздің ел үшін Қазақстан - стратегиялық серіктес, біз де өнеркәсіп те, туризм саласында да әріптестік орнатуға мүдделіміз. Мен жуырда ғана Парижден оралдым, онда бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Басқосудың басты мақсаты - кәсіпкерлерді Қазақстанмен жұмыс істеуге ынталандыру болды», - деп жауап берді Филипп Мартинэ.
  null 

Ол сонымен қатар түрлі салаларда серіктестік орнату үшін француз тілін оқитын студенттер мен мамандармен байланыс орнату қажет екенін айтты. Осы мақсатта қазақстандықтардың Францияда оқудан өтуіне 100 грант бөлінген. Гранттық бағдарламаны екі ел бірлесіп қаржыландырады.
Кездесуде Ерлан Қошанов Франция елшісімен туризм саласындағы серіктестік мүмкіндіктерін талқылады және оған облыстың көрнекті жерлері туралы айтып берді. Ол сонымен қатар Филипп Мартинэні Ұлытаудағы кесенені көріп қайтуға шақырды.

nullҚазақстанның ең басты көрнекті жерлерінің бірі Қарағанды облысында орналасқан. Ол Ұлытау, онда Шыңғысханның ұлы - Жошы хан жерленген. Бұл бірегей, киелі жер.
Елші мырза бұл шақыруды қуана қабыл алды, және Қазақстан тарихындағы бұл ескерткіш туралы осыған дейін естімегенін айтты. Кездесуге қатысушылар біздің облысымыздағы ішкі туризмді дамыту бойынша жоспарды құруға француз мамандарын жұмылдыру мүмкіндіктері сһз етті.

Филип Мартинэге сонымен қатар шетелдік серіктестерді қызықтыруы мүмкін инвест-жобалар тізімі бар каталог ұсынылды.

«Біздің тізімде түрлі салаларды қамтитын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, химия, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, тағам, медицина, жолаушы тасымалдау, туризм және тағы басқа салаларды қамтиды. Сіз осы каталогты Франциядағы бизнес өкілдеріне ұсынсаңыз екен дейміз. Бізде «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағы бар, онда өндіріс орындары орналасуы мүмкін», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Елші француздық кәсіпкерлерде әзірге Қазақстанда ірі жобалар жоқтығын, дегенмен елдің ауқымды табиғи ресурстары серіктестік орнатуға тартымды перспективалар ашатынын айтып кетті.

Соңғы жаңалықтар