Қарағанды облысының әкімі алғаш рет селфи жасады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бірінші селфиін жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ерлан Қошановқа Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінде жастар келіп, селфи жасауға рұқсат сұраған. Өңір басшысы олардың бетін қайтармай, келіске.

«Бұрын-соңды селфи жасамаппын», - деді Ерлан Қошанов, Егіндібұлақтағы қыздың ұялы телефонының фотокамерасына қарап тұрып.

Жастар өкілдері облыс әкіміне ауылдың инфрақұрылымын жақсартқаны және спорт алаңы мен балалар ойын кешенін салғызғаны үшін рахмет айтты.

Айта кетейік, Егіндібұлақта Қазыбек бидің 350-жылдық мерейтойы аталып өтілуде.  

Соңғы жаңалықтар