Қарағанды облысының әкімдігі шахтерлерге қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімдігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017-ші жылдың 11-ші желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің төрт шахтасының жұмыскерлер тобы ауысым аяқталған соң жұмыс орындарынан кетуден бас тартқан.

Компания басшылығы мен жұмыскерлердің мүддесін ортаға салатын «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағының арасында еңбек заңнамасы шеңберінде келіссөз басталды.

«Жағдай Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында. Басқа шахталар штаттық режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар