Қарағанды облысындағы педофилдің құрбаны болған қызға көмек қажет

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында зорланған бес жасар қыздың отбасы кішкентай қыздың өміріне немқұрайды деген азаматтардан бірқатар ота жасалуына қаржылай көмек сұрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаеваның мәлімдеуінше, ұзақ мерзімді ем алуларға қаражат керектігі жайлы ата-аналар жеке кездесу барысында айтқан.

«Мен қыздың анасымен кездестім. Кішкентай қызға бірнеше операция жасалған, алда әлі жасалады. Оның жағдайы қазір орта дәрежелі ауыр. Ата-аналары «Халық банкінен» шот ашып, кішкентай қыздың өміріне немқұрайды қарамайтын азаматтардан қаржылай көмек сұрайды», - деді Әлия Садырбаева.

«Халық банкі» АҚ шотының реквизиттері: 4402576504538054 ЖСН 770321350163

Соңғы жаңалықтар