Қарағанды облысындағы газ құбырының құрылысы 2019 жылы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қарағанды облысында жоғарғы қысымды «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы басталады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды өңірінің 120 елді мекені мен алты ірі қаласын табиғи газбен қамту жоспарлануда.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупаның сөзінше, наурыз айының басында Президенттің тапсырмасына қатысты жаңа жұмыс тобы ұйымдастырылған. Оның құрамына Қарағанды облысының өкілдері де енген.

«Себебі «Сарыарқа» газ құбырының негізгі бөлігі, атап айтсақ 820 шақырымы біздің аймақ территориясы арқылы өтеді. Бүгінгі таңда белсенді фазада жер учаскелерін газ құбырының жүйелік бөлігіне бұру және жерүсті құрылымдар астына жіберу бойынша жұмыстар жүріп жатыр»,- деді Анатолий Шкарупа.

Оның айтуынша, Қарағанды облысының аумағында үш автоматтандырылған газ тарату стансасын құру көзделуде. Олар үйлер мен кәсіпорындарға газ тарату кезінде газ қысымын азайту үшін қажет. Және олар Жезқазған, Теміртау және Қарағандыда пайда болады.

Энергетика министрлігі мен ҚазТрансГаз мәліметтері бойынша, бұл нысандарға қатысты мерзім 2020-шы жылдың ортасын қамтиды.

«Сол кезде біз өзіміздің газ тарату жүйелерімізді магистральді газ құбырына қоса аламыз. 2019-шы жылы біз газ тарату жүйелерінің құрылысын бастауымыз керек»,-дейді облыс әкімінің орынбасары.

Анатолий Шкарупаның сөзінше, ары қарай облыстың елді мекендерін магистральді газ құбырына қосу қаржылық мүмкіндіктерге қатысты болмақ.

«Барлығын бірден қосу мүмкін емес. Біздің жобада үш газ тарату жүйесі бар, оларға ең жақын орналасқан елді мекендер бірінші болып қосылады»,- деп түсіндірді Анатолий Шкарупа.

Газ жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлерге беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар газ құбырының құрылысы аймақтардағы экологиялық жағдайды түзетеді деген үміт бар. Газдандыру атмосфераға таралатын зиянды заттар мөлшерін азайтуға көмектеседі, және жанармай ретінде арзан табиғи газды қолдану арқылы кәсіпкерлерге де пайдасын тигізеді.

Астананы, Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарын газбен қамтитын «Сарыарқа» магистральді газ құбырын құру төрт кезең бойынша жүргізілмек.

Бірінші кезеңде ұзындығы 1081 шақырымды құрайтын Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана бағыты бойынша магистральді газ құбырының құрылысы жоспарланған. Екінші кезеңде Астана мен Көкшетау аралығында, үшінші кезеңде Петропавловскіге дейін газ құбырын салу көзделген. Соңғы төртінші кезеңде «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық стансаларын құру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар