Қарағанды облысында жол көлік апатынан ауыл әкімі ауруханаға жеткізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаровск ауданы Сарыөзек кентінің әкімі мен тағы бес адам жол көлік апатына ұшырап, жарақат алды. Апат әкімдіктің машинасы мен қарсы келе жатқан көліктің соғысуы салдарынан орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

Анықталғандай, Сарыөзек ауылы әкімінің «Рено Дастер» маркалы қызметтік автомобилі Қарағанды-Ақтау кенті тасжолында «Лада Приора» машинасымен соқтығысқан.

Жедел жәрдем машинасы оқиға орнынан зардап шеккен алты адамды, соның ішінде ауыл әкімі Жұмаш Жиренбаевты ауруханаға жеткізген.

«Зардап шегушілердің жағдайы бірқалыпты. Бес адам нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Ал травматологиялық бөлімге жеткізілген зардап шегушілердің бірі дәрігердің қарауынан кейін, үйіне жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Жұмаш Жиренбаев әкім қызметіне 2016 жылдың 8 желтоқсан күні тағайындалған. 

Соңғы жаңалықтар