Қарағанды облысында заңсыз ақша жинаған қазынашылық департаментінің басшысы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті бірқатар лауазымды тұлғалардың құқықбұзушылық әрекеттерін әшкере етті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының директоры Сақиев К. «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында дәрі-дәрмек жеткізу туралы сатып алу келісімшарттарына кедергісіз қол қою үшін жеке кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып отырған.

Сақиев өз айыбын толық мойындады.

Одан бөлек, өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет алым-салық жинаған ҚР Қаржы министрлігі облыстық қазынашылық бөлімінің басшысы Нұрпейісов ұсталды.

Осылайша, департаменттің лауазымды тұлғалары 150 мың теңге көлемінде өз сыйақыларының бір бөлігін басшы орынбасары арқылы Нұрпейісовке Қаржы министрлігінің орталық аппаратынан келген комиссияны күтіп алуы үшін берген.

Нұрпейісов те өз кінәсін мойындады.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар