Қарағанды облысында ТЖД бастығының орынбасары 4 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 200 000 теңге пара алғанын мойындаған Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Вадим Магамадов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің жауаптары мен іс материалдарын қараған Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының №1 сотының судьясы Айгүл Мырзабекова ҚР ҚК 366-бабының («пара алу») 2-бөлігі және ҚР ҚК 361-бабының («лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») 2-бөлігі бойынша Магамадов Вадим Эмхадовичтің айыпты деп таныды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 2017 жылғы 4 сәуірде ТЖ департаменті бастығының орынбасары Вадим Магомадовты 200 мың теңге көлемінде пара алуға күдікті деп ұстаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар