Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрттен екі бала көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.00 шамасында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында бес қабатты үйдің (Абай көшесі, 44) 4-ші қабатындағы 56-шы пәтер өртенген, үйде әйел мен сал ауруымен ауыратын екі бала болған.

Пәтер толықтай өртке оранып, түтіннен түк көрінбеген соң, адамдар ештеңе жасай алмады. 56-шы пәтерде тұратын әйел өрт сөндіру қызметі келгенге дейін үйден түтін шығару үшін терезені сындыруға тырысқан.  Бұл уақытта жалын басқа пәтерлерге тарап, 5-ші қабат өртене бастады. Жалын көзді-ашып жұмғанша ұлғая түсті. Өрт сөндірушілер келгенше біраз уақыт өтті.

Ақыры, оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі келіп, бірі 5-ші қабат тұрғындарын құтқарды.  Екінші көлік 56-шы пәтердегі өртті сөндіруге кірісті. Алайда олардың суы бітіп қалып, олар қайта су құйып келгенше, өрт түгел бесінші қабатқа тарап кетті.

Куәгерлердің айтуынша, адамдардың пәтерлері өртеніп кетті, ешкім ештеңе істей алмады. Көрші тұратындар да зардап шекті. Өрт ауыздықталған соң, 56-шы пәтерден балалардың мүрдесі табылды. Өрттің неден шыққаны белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар