Қарағанды облысында тепловоз радиаторларын ұрлағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері құны 1 млн теңгеден асатын тепловоз радиаторларын ұрлады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды-Сортировочная стансасында Балқаш стансасының Локомотив пайдалану депосына тиесілі 14 тепловоз радиаторын ұрлады деген күдікпен Қарағанды облысының 1975,1979,1989 және 1990 жылы туған төрт тұрғынын ұстады.

Көлік полицейлері тексерістер кезінде ұрланған радиаторларды күдіктілердің автомашинасынан тапқан.

Келтірілген залал 1 000 000 теңгеден асып жығылады.

Ұсталғандар айыбын мойындаған. Заттай айғақтар алынды.

Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігімен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») тіркелді.

Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар