Қарағанды облысында тазалау құрылғыларының тозығы жетіп тұр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Экологтар Қарағанды облысындағы тазалау құрылғыларының техникалық жағдайын ескірген деп таныды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Агенттікке облыстың экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков хабарлағандай, тазалау құрылғыларының пайдалану мерзімі 30-40 жылдан асқан.

«Жабдықтар мен технология ескірген. Ұзақ уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Негізгі проблема - кәріз суын тазалау сапасы», - деді Мұсапарбеков.

Аудандар мен қалалардағы коммуналдық тазалау құрылғыларының жағдайы алаңдаушылық тудырады.

«Барлық алты кешенді тазалау құрылғысы да жөндеу қажет. Нормативтен жоғары лас заттар жиі тасталғаны,  тазалау жұмыстары сапасыз жүргізілгені байқалды. Кей құрылғылар мүлдем жоқ», - деді Қанат Мұсапарбеков.

Сәтпаев қаласында су жабдықтаумен айналысатын компанияның тазалау құрылғылары 1967 пайдалануға берілген. Олардың 60 пайызы ескірген.

Жезқазғанда лас су Қара Кеңгір өзеніне ағызылады. Жабдықтар 80 пайызға ескірген.

«Балқашта тазалау құрылғыларының жоқтығынан тазаланбаған кәріз суы қаладан 30 шақырым жерде орналасқан буландыру тоғанына ағызылады. Ол Балқаш көліне зардабын тигізуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар