Қарағанды облысында тасжолдар ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жолдар ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Елді мекендердің бағыттарындағы жедел қызметтердің бекеттері алынып тасталды. Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райы тек көлік қозғалысының шектеуін алып тастауға ғана мүмкіндік беріп тұр.

«12 қаңтарда таңғы сағат 9-да барлық бағыттар бойынша тасжолдар ашылды. Бекеттер алынып тасталды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Өңірдегі автовокзалдарға барлық бағыттар бойынша рейстік автобустардың қозғалысын жалғастыруға рұқсат етілді. Қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдар ашылды.

Соңғы жаңалықтар