Қарағанды облысында тағы бір ауылды су басты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында тағы бір ауылды су басты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«17 сәуір күні Нұра ауданының Тассуат ауылында Нұра өзенінің су деңгейі көтеріліп, 10 үйді су басты. Халықты қызыл судан қорғау мақсатында 56 адам алдын ала туыстарының үйіне эвкуацияланды. Көшіру жұмыстарына 69 адам және 36 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының елді мекендерінде су тасқынына қарсы және апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әсіресе Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Нұра аудандарының елді мекендері ерекше бақылауға алынды.
 

Жалпы су тасқыны уақытында еріген қар суын жіберу және елді мекендерді қорғау үшін 17,415 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті тұрғызылды, 35 100 құм қапталды, 1 264,5 текше метрден астам су сорғызылды. 

Облыс бойынша жеке құрамнан 2 503 адам, 746 дана техника, 7 су сорғызу құрылғысы және 29 қайық апаттық-құтқару және жедел жұмыстарға жұмылдырылды. 

Су деңгейінің түсуіне байланысты бұрын эвакуацияланған Ақтөбе ауылының 62 тұрғыны және Андрейниковка ауылының 10 тұрғыны өз үйлеріне оралды.

Су тасқынына қатысты жағдай бақылауға алынған. 

Соңғы жаңалықтар