Қарағанды облысында су тасқынына қарсы шараларға 2,25 млрд теңге бөлінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ғ.Мұстафин атындағы кентте бүгін жылжымалы жиналыс өтті. Онда көктемгі су тасқынына дайындық талқыланды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа қирау жайттарын болдырмау үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы айтып берді.

- Бізде бірқатар шаралар жоспарланып қойды. Біріншісі, ол - мына өткелді бұзу, - деп мәлімдеді Анатолий Шкарупа. - Біз бұл проблема туралы өткен жылдан бері білеміз, Нұра өзеніндегі жағдайды көріп отырмыз.

Облыс әкімінің орынбасары айтқан өткел Теміртау мен Ғ.Мұстафин кентінің аралығындағы жолда орналасқан. 

- Бұл жолмен халық өтетінін ескере отырып, біз мұндағы жұмысты шегеріп отырдық. Алайда қазір, ақпанның соңынан наурыздың басына дейін бұл өткелді бұзуымыз қажет. Негізгі арнаны бұзатын боламыз, - деді Анатолий Шкарупа. 
Ол көктемде еріген қар суы бұл өткелдің салдарынан кенттің ішіне ағуы әбден мүмкін деп түсіндірді. Бұл қауіптің алдын алу үшін бөгетті жою қажет. 

 Биылғы жылы көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына бюджеттен 2 млрд 250 млн теңге қарастырылған екен. Бұл қаражатқа су тасу қаупі бар өзендерді тазарту және арналарын түзеу көзделген. 
Облыста қазірдің өзінде басқалардан ерекше су тасқыны қаупіне ие елді мекендердің маңдарында 25 шақырым бөгеттер салынған. Олар Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарында орналасқан. «Жол картасы» шеңберінде бұл үйінділер 6 ауыл мен кенттерде салынған, сонымен қатар қосымша 7 елді мекенде жол картасынан тыс салынды. 

 Анатолий Шкарупа сондай-ақ алдағы көктемге қатысты синоптиктердің алдын ала болжамдарын айтып өтті. 
- Әзірге Казгидрометтің мәліметтері бойынша болжамдар жақсы. Бірақ біз қайтсек те ең қауіпті жағдайларға дайын болуымыз керек. Ол үшін облыс бойынша бірқатар шаралар өткізіп жатырмыз, және де көптеген шаралар су тасқыны басталарда өткізіледі. Ең басты міндеттердің бірі су өткізу құбырларын тазарту болып табылады.

Қарағанды облысында 262 гидротехникалық құрылыстар бақыланады. Олардың барлығы қауіптілік деңгейі бойынша бөлінген. Анатолий Шкарупа Көкпектідегі су бөгеті туралы да еске салды. Ол сәл зақымдалған болатын, алайда еш қауіп төндірмейді, су қоймасы толығымен транзиттік режімде жұмыс істеп тұр. Ерекше назарды қажет ететіндер ол су қоры бар гидротехникалық құрылыстар болып табылады.

Қазіргі таңда республикалық бағдарлама бойынша Қарағанды облысында қосымша 4 су қоймасының құрылысы жобалануда. Олардың екеуі Қарқаралы ауданында, және бір-бірден Осакаров және Бұқар Жырау аудандарында. Бұл нысандар көктемгі су ағысын бөгеу үшін қажет. 

Соңғы жаңалықтар