Қарағанды облысында созылмалы науқастарды тегін дәрімен қамту шығындары ұлғайтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу тиімділігі мен барысы Қарағанды облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында талқыланды.

«Облыстың денсаулық сақтау саласының алдына қойылған міндеттерін жүзеге асыруға 2017-ші жылы 76,4 млрд теңге бөлінген болатын. Ол 2016-шы жылмен салыстырғанда 15,2%-ға көбірек. 31 нысанның күрделі жөндеуіне 1,9 млрд теңге жұмсалды. Ол жұмыстар әлі де жалғасуда: 2018-ші жылы 15 нысанның жөндеуіне 1,5 млрд теңге қарастырылған», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды қаласындағы Облыстық клиникалық аурухананың терапевтік корпусының жөндеу жұмыстары жалғасады. Жезқазғанда аурухана қалашығы қалыпқа келтіріле бастайды. Шахтинскіде медициналық қалашық нысандарын жөндеу басталады.

Жаңа медициналық жабдықтарды сатып алуға облысымызда 1 млрд теңге бөлінді.

Биылғы жылы диспансерлік есепте тұрған созылмалы дерттері бар науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге анағұрлым көбірек қаражат бөлінді.

«2017-ші жылы осы мақсаттарға 8,2 млрд теңге бөлінген. Ол қаражат дәріге мұқтаж барлық науқастарды қамтуға жетпеді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бұл проблеманы шешу жолдары іздестірілді. 2018-ші жылдың бюджетінде үлкен сома салынды - 13,7 млрд теңге. Бұл науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен 90%-ға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және созылмалы дерті бар науқастардың денсаулық сапасын жақсартуға септігін тигізеді», - деді Ержан Нұрлыбаев.

Облыс әкімі бұл мәселені жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Дәрілердің келіп түсуі апта сайын тексеріліп отырады.

Басқарма жетекшісінің сөзінше, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісі бойынша жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеден асатын 10 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бизнесмендер Саран және Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде гемодиализ орталықтарын ашуды, Қарағанды мен Жезқазғанда балаларды оңалту орталықтарын және облысымызға қажетті басқа да медициналық нысандарды ашуды қаржыландыратын болады. Алты жоба бойынша 1-ші сәуірге дейін келісімшарттар орнатылады.

Ерлан Қошанов денсаулық сақтау саласын сандық жүйеге ауыстыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

«Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселелері әрдайым жіті назарды талап етеді. Бізге келіп түсетін азаматтардың шағымдары мен үндеулері әлі де проблемалар бар екенін көрсетеді. Салалық мамандардың тапшылығы бар - соның салдарынан дәрігерлерге қаралуға ұсын сонар кезектер түзіледі, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырыңыздар. Барлық ресурстар бар, мүмкіндіктер де бар».

Соңғы жаңалықтар