Қарағанды облысында соқырішегі жарылуға шақ қалған жүргізушіні құтқарды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты «Балқаш»  медициналық-құтқару қызметінің мамандары жол үстінде соқырішек ауруы қысқан жүргізушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Апаттық медицина орталығы»  мекемесіне  сілтеме жасап.

Алматы - Екатеринбург тас жолының бойындағы жүк көліктерін тексеру барысында, полиция қызметкерлерінің біріне  жүргізуші  өзін жайсыз сезініп, ауырып тұрғанын айтқан. Тәртіп сақшысы оған жолдағы «Балқаш»  медициналық-құтқару қызметіне жүгінуге кеңес береді.

Жолдағы медицина  пунктіне қаралған кезде, Оңтүстік Қазақстан облысының 1980 жылы туылған тұрғыны ішінің қатты ауырып тұрғанын айтқан.  Тексеріс барысында,  жүргізушіге соқырішектің асқынған түрі деген диагноз қойылды.  Жедел Балқаш қаласына  жеткізілген жүргізушіге ота жасалды. 

Қазір республика көлемінде осындай қырық жол пунктінің жұмыс істеп тұрғанын естеріңізге сала кетейік.  Бұл орталықтар  жол апаттарына ұшырағандарға ұйымдасқан түрде сапалы қызмет көрсетіп келеді. Медициналық жол пункттерінің мамандары жол үстіндегі жолаушылармен қатар, маңайдағы тұрғындарға да көңіл бөліп келеді.

Медициналық-құтқару мамандарының көмегі қажет болса 112-ге қоңырау шалу керек. Пункттер орналасқан жерлерді жүк көліктерінің жүргізушілері жақсы біледі, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлерінен сұрай аласыз. Сілтемелер жол бойындағы ақпараттық тақталарға да жазылған. 

Соңғы жаңалықтар