Қарағанды облысында сафари-парк жасалмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында табиғи ортада дала жануарларын көруге болатын парк ашылмақ, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі .

«- Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі, - деді «Бұйратау» ұлттық паркінің теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева. - Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің маршруты жасалуды. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылмақ». 

Келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, қодас, марал, тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынады. 
Бүгінде «Бұйратау» қорығына Қарағанды облысындағы Осакаров ауданы Молодежный ауылындағы Абай көшесі, 13 мекенжайында орналасқан кеңседе баж төлеп және билет сатып алып баруға болады. Немесе бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі. Қорық аймағында бір тәулік болған үшін бір адам 1000 теңге төлейді. Бұл бағаға паркті аралауға, шатыр құруға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп,  Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалауға болады. Ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.

Соңғы жаңалықтар