Қарағанды облысында прокурорлардың отставкасымен аяқталған қылмыстық іс сотқа түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаевтің, прокуратура басқармасының бастығы Алмас Әбдақасовтың, Теміртау прокуратурасының басшысы Біржан Шәулиевтің  отставкаға кетуімен аяқталған адам ұрлығына қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот алдында Теміртаудың үш тұрғыны жауап беруде. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жергілікті тұрғын Мейрам Алпысбаевты ұрлап әкетіп, өлтірген. Олардың бірі Алпысбаевпен қас болған. Жәбірленуші сотталушыға егер ақшаны әкеліп бермесе, жазасыз қалмайтынын айтып, сес көрсеткен.  Алайда сотталушы өзін оған қарыз санамаған.
null

Нәтижесінде алты жігіт Теміртауда «Субару» көлігімен келе жатқан Алпысбаевты ұрлап кетіп, Астанаға қарай жазық далаға алып шыққан.  Олардың бірі Алпысбаевтың жамбасына шолақ мылтықтан оқ атқан. Оны жүк салғышқа салып, машинаны жауып кетіп қалған. Алайда жаралы Алпысбаевтың күйін көру үшін олар қайта келеді. Олар келген бетте оның рульде отырғанын көреді. Ол жүксалғыштан салонға шығып, көлікті оталдырмақ болған. Тергеу нұсқасы бойынша, сол кезде олар Алпысбаевты салоннан алып шығып, көліктің жанына лақтырып кеткен. Ал есікті құлыптаған. Салдарынан ол көз жұмды. Алпысбаевтың мүрдесі екінші күні    7 қыркүйекте табылды. Оны ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері металл ұрлығы бойынша жедел шара жүргізу барысында кездейсоқ тауып алған.  

Алты фигуранттың үшеуі сот алдына жеткізілді. Қалғандарының біріне халықаралық іздеу жарияланса, іздеуде болған екіншісі асылып өлді. Үшіншісі Ресейде ұсталды, қазір ол Қазақстанға экстрадициялануда.

Теміртау соты Алпысбаевты ұрлап, оның өліміне себеп болғаны үшін Владимир Моряковты 4 жарым жылға соттаған болатын. Алайда сот үкіміне көңілі толмаған Алпысбевтың әкесі Бас прокурордың орынбасарының қабылдауында болып, тергеу сапасы өте төмен деңгейде өткенін айтқан. Ол ұлының өліміне кінәлілердің дені жазадан қашып құтылғанын жеткізген. Теміртауға Бас прокурордың орынбасарының тапсырмасы бойынша комиссия келді, олар Теміртау прокуратурасы істің басқа фигуранттарын қылмыстық қудалаудан негізсіз босатқанын анықтады.
null

Елдің бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен 2016 жылғы 10 қазанда облыс прокурорының орынбасары Рашид Дубаев, басқарма бастығы Алмас Әбдақасов, Теміртау прокуратурасының басшысы Біржан Шәулиев лауазымдарынан босатылды.

Бұл ретте, қылмыстық іс материалына және Алпысбаевтың досы Шота Джавахишвилидің сотта берген жауабына сәйкес, Алпысбаев өлтірілген күні Джавахишвили онымен бірге ауыр қылмыс жасаған, олар кәсіпкер әйелді ұрлап әкеткен. Қазір 23 жастағы Грузия тумасы Шота Джавахишвили сот алдында жауап беруде. Ол кәсіпкерді ұрлап, ақша бопсалағаны үшін айыпталуда. Ал Алпысбаевқа қатысты іс оның қаза болуына байланысты тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар