Қарағанды облысында нұротандықтар жетім балаларға білім беру салымдарын ашып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртауда «Нұр Отан» партиясының мүшелері 8 жетім балаға білім беру бойынша жинақтау жүйесін ашты, деп хабарлады партияның облыстық филиалының баспасөз қызметінен.

«Қарағанды облысында «Болашаққа салым саламыз!» республикалық акциясын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Теміртауда 8 жетім балаға білім беру сертификаты берілді», - делінген хабарламада.

Қайырымдылық шарасын қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері қолдады. «Бұл игі бастама. Енді бұл балаларға қатысты жауаптымыз. Бұл балаларға бейжай қарамайтын азаматтарды шараға қатысуға шақырамын», - деді партиялық Иван Сиверский. Еске сала кетейік, «Болашаққа салым саламыз!» акциясы «Бақытты балалық» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Ол жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жоғары білім алуына ықпал етуге бағытталған. Жыл соңына дейін елде шамамен 3 мың балаға білім беру салымын ашу көзделген.

Соңғы жаңалықтар