Қарағанды облысында неміс технологиясымен жұмыс істейтін сүт фермасы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаров ауданының Трудовое ауылдық округінде неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлық фермасы іске қосылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еңбек-95» ЖШС Германиядан симменталь тұқымды сиырларды сатып алған.

«Сүт өндіру бағытында жұмысымызды бастамас бұрын біз жем базасын ойластырдық. Бидай, арпа және сұлы егеміз және алқаптардың жартысына көпжылдық жем шөптерін өсіреміз. Алқаптарды суару үшін арнайы суару құрылғыларын орнаттық», - дейді «Еңбек-95» ЖШС директоры Олег Безплемянный.

Кәсіпорынның ауылшаруашылық алқаптары 28 мың гектарды құрайды. Шаруа қожалығында 95 адам жұмыс істейді.

Сүт-тауарлық ферманың құрылысы жобасы толығымен меншікті қаражатқа салынған. Бірнеше жылда 780 млн теңге инвестиция құйылған. 19 жаңа жұмыс орыны ашылды.

«Қазір бізде 243 бас ірі қара мал бар, оның ішінде құнажындар саны - 130, сиырлар саны - 59. Біртіндеп мал басын көбейтіп, 600 басқа жеткіземіз», - деп жоспарларымен бөлісті шару қожалығының басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар