Қарағанды облысында мысты барлау жұмыстары басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Австралиялық-британиялық концерн Қарағанды облысының жер қойнауындағы мыс-порфир рудаларын іздеуді қолға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі мәлімдегендей, австралия-британиялық «Rio Tinto» концерні «Қазгеология» акционерлік қоғамымен бірлесіп, барлау жұмыстарын жүргізуде.

«Іздеу жұмыстары ауданның екі бөлігінде - «Қорғантас» пен «Балқаш-Сарышаған» аумағында жүргізіліп жатыр. Геологиялық обарлау жұмыстарының нәтижесінде минималды кен қоры 1 млрд тонна болатын әлемдік дәрежедегі мыс кеніштерді табу көзделуде. Іздеу жұмыстарына 3 миллиард 400 миллион теңге инвестиция салынды», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Шет ауданында орналасқан «Қорғантас» - «Rio Tinto» компаниясының Қазақстандағы алғашқы жобасы. Шешім қабылдамас бұрын концерн көп жылдар бойы біздің елді зерттеп жүрді. Шетелдік инвестор аймақтағы жағдайға қызыққан. «Геологиялық барлау - бұл тәуекелі мол іс. Инвестор келешекке сенім артты. 2015 жылы бастау алған жоба 5-6 жылға есептелген», - делінген әкімдік берген ақпаратта.

Қазіргі уақытта «Қорғантас» аумағында геофизикалық жер.сті зерттеу жұмыстары аяқталды. Көлемі 2 500 метр болатын бұрғылау жұмыстары басталған. Компания «Балқаш-Сарышаған» маңындағы жұмысын да жалғастырып жатыр. Мұнда ауадағы аэрогеофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Балқаш-Сарышаған 13 000 шаршы метр аумақты алса, Қорғантас аймағы 4000 шаршы метр шамасында.

«Rio Tinto» көпжылдық тәжірибесі бар, геология мен қорды бағалауда алдыңғы технологияны қолданатын әлемдік тау-кен компаниясы. Компания әлемнің 40 елінде жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар