Қарағанды облысында мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды бәсекесі басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сайлау 29 қазан күні өтеді. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ сайлаушылары Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарын №12, №29 және №41 округтері бойынша сайлайды.

Сегіз сайлау округі бойынша үміткерлер қатарының 75 пайызын ер адамдар, 25 пайызын әйелдер құрайды. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кандидаттардың 33 пайызы саяси партиялардың мүшесі.

14 қазаннан бастап, қарағандылықтар учаскелік сайлау комиссиясы орындарындағы сайлау өткізілетін тиісті округтеріндегі сайлаушылар тізімімен таныса алады. Сайлауды өткізу және ұйымдастыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 10 млн 216 мың теңге бөлінді. 

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 101-бабы 4-бөліміне сәйкес, ағымдағы жылдың 29 қазаны күні республиканың 15 өңіріндегі 105 сайлау округтерінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлығы 22 облыстық, 19 қалалық және 64 аудандық мәслихат депутаттары сайланады. 

Соңғы жаңалықтар