Қарағанды облысында қысқа дайындық баяу жүріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызметтердің алдағы жылу маусымына әкімшілік пен тұрғын үйлерді дайындау жұмыстары баяу жүруде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте әкімнің энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары Анатолий Шкарупа «Bassel Group LLS» ЖШС мен Балқаш ЖЭО жөндеу жұмыстары кестеден артта қалып жатқанын хабарлады.

«Көп қабатты тұрғын үйлерді қысқа дайындау жұмыстары да сылбыр. Жылу электр стансасына қатысты айтар болсақ, онда жөндеу жұмыстары 10 қазандықта, 4 турбинада аяқталды», - деп хабарлады Анатолий Шкарупа.

Ол қалалар мен аудандардың әкімдері жылу маусымы кезеңінде әр коммуналдық апат фактісіне дербес жауапты болатынын ескертті.

«Барлық деңгейдегі әкімдер жылу маусымына дайындық сапасының төмендігі үшін жауапты болады», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар