Қарағанды облысында қылмыскерлерді іздеу мақсатында қыстақтар мен шаруашылықтар тексеріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысында қылмыскерлерді іздеу үшін қыстақтар мен шаруашылықтар  тексеріледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе іздеуде жүрген қылмыс жасаған күдіктілер шалғайдағы қыстақтарда жасырынады. Өңірдің жергілікті полиция қызметінен хабарлағандай, жедел алдын алу шарасы басталды, міндеті - барлық қыстақтарды тексеру.

 «Шаруашылық және фермерлік шаруашылықтар меншігіндегі мал басы есептеледі. Бұдан басқа, Қарағанды облысы аумағында орналасқан барлық қыстақтар, мал жаятын орындар тексеріледі. Тұратын жері жоқ, іздеудегі қылмыскерлер көбіне осындай жерлерді паналайды», - деп хабарлады ЖПҚ.

Полицейлерден басқа, бұған әкімдік өкілдері де қатысады.

Соңғы жаңалықтар