Қарағанды облысында құтқарушылар жел айдап әкеткен балықшыны іздеп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданындағы су қоймасы жағасынан қайықтағы балықшыны жел ұшырып әкетуі салдарынан ол қамыс арасында адасып, бір тәулікке жуық уақытын суда өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаражал қаласының 1958 жылғы тұрғыны қайықпен балық аулауға шығып, үйіне қайтып оралмаған. Туысқандары бірден аймақтағы ТЖ департаментінің кезекшілік бөліміне хабарласқан.

«Ол Нұра ауданының аумағында орналасқан су қоймасынан балық аулауға шыққан. Оқиға орнына ТЖ департаменті бөлімшелерінің және полиция қызметкерлері жөнелтілді. Жоғалған азаматты сағат 17 кезінде іздеу тобы қамыстар арасынан тауып, жағаға алып шықты», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Балықшы әбден тоңған, алайда, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖ департаменті дауылды ауа райында және құтқару құралдарынсыз балық аулауға шықпауға кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар