Қарағанды облысында қозғалыс үстіндегі жүк көлігі жанып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды облысы Абай қаласының маңында автокөлік шиналары тиелген «DAF» жүк машинасы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, зардап шеккендер жоқ. Көлік жүргізушісі қауіпсіз жерге жүгіріп шығуға үлгерген. Көліктен от 20 қыркүйек күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолының 992-шақырымында, Абай қаласының маңында тұтанған.

«Оқиға орнына жеткен Өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтері тілсіз жауды 21.06-да сөндіріп, 21.14-те толығымен жойды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы мен үш техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Көліктің жану себебі сараптама барысында анықталатын болады. 

Соңғы жаңалықтар