Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 323.13
EUR 367.08
RUB 5.43
CNY 47.53

Қарағанды облысында қорықтың 11 қызметкері «атыс» туралы ақпарат таратқаны үшін жұмыстан босатылды

Қарағанды облысында қорықтың 11 қызметкері «атыс» туралы ақпарат таратқаны үшін жұмыстан босатылды
2017 жылғы 20 маусым 15:14 1399

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Ақ бөкен» табиғи қорығының 11 қызметкері браконьерлер қорықшыларға оқ атты және олардың көлігін өртеді деген жалған ақпарат таратқаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Ақ бөкен» қоғамдық табиғи қорығының қамқоршылық кеңесі браконьерлердің қорықшыларға шабуыл жасағаны туралы атышулы іс бойынша қызметтік тексерісті аяқтады.

«Он бір қызметкер жұмыстан босатылды. Тек 6 қорықшы ғана емес, ауысыммен жұмыс істейтіндер де жұмыссыз қалды», - деді қорықтың жұмыстан босатылған директоры Игорь Милосердов жұмыстан босату туралы бұйрықтың әділетсіздік екенін алға тартып.

Қызметтік тексеру барысында сол күні жанып кеткен автокөлікте болған және сол ауысымда кезекшілік еткен екі автокөліктегі барлық алты қорықшы тыңдалған.

«Біз берілген видеотаспаны қарап, қорықшылардың берген түсініктерін тыңдап және сарапшы Александр Мощанецкийдің қорытындысы негізінде, апаттың жанармай сүзгісіне жалғасқан пластик евроқамыттардың еріп, соның салдарынан саңылау пайда болып, бензиннің аққанынан болғандығын анықтадық. Аққан бензин, шөптің катализаторынан тұтанған өртке құйылып, көлік жанып кеткен», - деп атап өтті қызметтік тексерістің қорытындысына байланысты қоғамдық табиғи қорық қамқоршылық кеңесінің мүшесі Марғұлан Сейсембай.

Еске салайық, қорық басшылығы қорықшыларға сілтеме жасап қорықты қорғайтын инспекторлардың машинасына браконьерлердің шабуыл жасағаны туралы хабарлаған еді. Браконьерлер сұр түсті Лэнд Крузермен келіп, оқ атқан. Бұл ретте полицияға шағым түскен жоқ. Полицейлер арыз жазғанды күтпей, оқиға орнына барды. Машина өртенген жерден олар оқ таппады. Оқ тиіп, зақымданған із де табылмады. Полицейлер «УАЗ Патриот» автомобилінде құрғақ шөп жиналып қалғаннан өрт тұтанған және соның салдарынан көлік жанып кеткен деген тұжырым жасады.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер