Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті, адам шығыны бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені жайлы хабар келді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды.

 

Қазіргі сәтте 4 адам құтқарылды, оның 2-еуі - балалар.

Мәліметтер бойынша, үйіндінің астында қалып қойған тұрғындар бар. 1 адамның мәйіті табылды, ол үйдің бөлігі құлауы кезінде қаза тапқан.

Қазір құтқарушылар үйіндіні аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 70 адам мен 16 техника жұмылдырылды.

 

Оқиғаның неден болғаны анықталу үстінде. Қосымша ақпарат берілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар