Қарағанды облысында гемодиализ орталығы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласында қалалық емхана базасында қан тазарту орталығы ашылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңа денсаулық сақтау нысанына барды.

«Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында іске асырылды. Италияда шыққан заманауи қан тазарту аппараты, науқастар үшін венгриялық креслолар орналастырылды.

Бұдан басқа, ағза  умен, дәрімен уланған жағдайда қанның «ластануына» байланысты гемодиализ анықталған науқастарға арналған изолятор бар», - деді Қарағанды қ. "Diaverum"  гемодиализ бөлімшесі филиалының директоры Алексей Подгайнов.

Ол облыста бұл алтыншы гемодиализ орталығы екенін атап өтті. Мұндай бөлімшелер Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртауда бар. Шахтинск өңірінің созылмалы бүйрек жетімсіздігімен сырқаттанған тұрғындары өз жерінде жоғары білікті көмек ала алатын болды.

Бұрын рәсім үшін облыс орталығына сабылатын. Басшының мәліметіне сәйкес, Шахтинскіде орталық құру 113 млн теңгеге түскен. Филиал 38 адамға шақталған. «Су тазалайтын жаңа жүйе енгізілді, қауіпсіздік мақсатында су  тікелей беріледі», - деп қосты   А. Подгайнов.

Облыс әкімімен әңгімелесу барысында емханаға келушілер орталықтың ашылуына орай алғыстарын білдірді. Өңір басшысы  стоматологиялық бөлімшені қарап шықты. Ғимараттағы үш жыл бос тұрған ғимаратқа жабдықтар қойылды. Осы ғимаратта жас мамандарға арналған төрт қызметтік пәтер салынды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының 2016 жылғы Жолдауында әлеуметтік салаға инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту міндетін қойды. «Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін қолдану қажет. Экономиканың басым саласында жеке инвестицияларды көтермелеу бойынша қосымша шаралар пысықтау қажет. Жеке инвесторларды жол, газ құбыры, аурухана, мектеп,  басқа да  нысандар салумен қоса, оларды жаңартуға және техникалық қызмет көрсетуге тарту маңызды», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар