Қарағанды облысында ер адам той кортежі көлігінің үстіне мініп билеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде той кортежінің жолда жүру ережесін бұзғанын дәлелдейтін тағы бір видео пайда болды. Бұл жолы оқиға Қарағанды облысында орын алды. Ролик Instagram желісінде жарияланды.

Видеоны той кортежіндегілердің бірі түсірді. Кортеж көліктерінің бірінің мемлекеттік номері видеоға ілікті.

«Көліктің үстіне шыққаны не? Әлде жұртты таң қалдырғысы келді ме? Ол көліктің астына түсіп, солай бірнеше шақырым жүріп, кейін тап-таза, жарақатсыз шыға келген жағдайда мен таң қалар едім», - деп жазды пайдаланушы nurgul.rakhim.

Соңғы кездері Қазақстандағы той кортеждерінің жолда жүру ережелерін бұзуы жиілеп кетті. Осылайша, осы айда Шымкентте қасақана апаттың орын алуына жағдай жасағаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін бес жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салды. Жолда жүру ережелерін қайта бұзса, көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар