Қарағанды облысында депутаттардың сайлауына 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірге сапардың мақсаты - мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысымен танысу болды.

ОСК ақпаратына сәйкес, 7 бос орынға 21 адам үміткер ретінде тіркелген. Жеті округте сайлаушылар саны 69 мың адам. Сайлауды ұйымдастыруға 33 учаске, 7 аймақтық және 4 аумақтық сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Қазір үгіт-насихаттау кезеңі.

Облыстық мәслихаттарға тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт-насихат шараларына, көлік шығыстарына 280 мың теңге, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға - 165 мың теңге бөлінеді.

«Сайлаушылармен кездесу өткізуге, түрлі үгіт-насихат материалдарын дайындауға бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың 820 мың теңгесі жұмсалды», - делінген хабарламада.

Сапар барысында Петров Қарағандыда бірқатар округтер мен учаскелерге, соның ішінде Қаражал қаласы Жарем кентіне барды. Облыстық аумақтық, аймақтық, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен танысып, олардың сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар