Қарағанды облысында далалы алқаптар өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында екі рет даладағы қураған шөптер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

14 сәуір күні кешкісін Абай ауданында, Жартас кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде құрғақ шөптер өртенді. Өрт туралы жергілікті тұрғындар хабар берген. Жалын шарпыған аумақ өлшеніп жатыр.

Бұдан тыс, сол күні Шахтинск қаласының Новодолинск кентінде де 2 гектар жердегі қу шөптер жанған. Өрт сөндіру қызметі оны жарты сағаттан кейін өшірді.

Соңғы жаңалықтар