Қарағанды облысында биылғы жылы бес зауыт іске қосылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қарағанды облысында бес зауыт ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековке сілтеме жасап.

Жылы блок өндіретін зауыт, мысты сілтіден айыру зауыты, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу және целлюлоза зауыттары іске қосылады. Сондай-ақ, Сарыопан кен орны базасында әктас өндіруді қолға алып, отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт құру жоспарланған.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру кезінде айтқандай, бұл жаңа кәсіпорындар «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасы аясында ашылады.

«Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 10 жобаны жүзеге асыру жоспарымызда бар. Одан бөлек, картадан тыс 2 миллиард 400 миллион теңгелік инвестиция көлеміндегі қосымша тоғыз жоба іске асырылады», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар