Қарағанды облысында биыл жазда 345 өрт сөндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 22 тамызға дейін биылғы жазда Қарағанды облысының аумағында 345 өрт сөндірілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

Биылғы жаз аса аптапты болып, күннің ыстығы 48 градусқа дейін көтерілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2016 ж - 26,5 градус) 1,8 есе жоғары. Жауын-шашын да былтырғы мөлшерден 3 есе аз түсті.

 20 тамызда Амангелді селолық округінде құрғап тұрған шөп жанып, 41 г жер қара күйеге айналды. Дәл сол күні Жангелді селолық округінде 45 г жер жанып кетті. Ал 22 тамызда Ақтас ауылынан 35 шақырым жерде өрт шықты. Жалын елді мекендерде өртке қарсы құрылған еріктілер жасағының күшімен сөндірілді.

 Жанып жатқан жерге жетудің қиындығы, аптапты әрі құрғақ ауа райы, сондай-ақ, жел екпіні өрт сөндіруге көп кедергі келтірді. 
Ұлытау далалық алқабындағы өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің» жеке құрамындағы 28 адам, 4 техника, сондай-ақ 79 жергілікті тұрғын мен 17 техника тартылды. Ортақ күшпен қызыл жалын ауыздықталды.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар