Қарағанды облысында бес адам қаза тапқан жол апатының себепкері анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тергеу органы екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам мерт болған оқиғаның алдын ала себепкері анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Жан түршігерлік жол көлік апатынан Алматы тұрғыны екі жасар қызымен бірге мерт болды. Оның бес жасар үлкен ұлы мен «Тойота» жүргізушісі ауруханада жатыр. «Мерседесте» шымкенттік үш ер кісі отырған. Олардың барлығы қайтыс болды.

«Алдын ала нұсқа бойынша, 1990 жылғы ОҚО тұрғыны рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Қарағанды-Балқаш тасжолының бойында Абай ауданы Спасск кентіне 20 шақырым қалған жерде «Мерседес» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, алматылық отбасы отырған «Тойота» көлігімен соқтығысады. Бес адам - үш Шымкент тұрғыны, сондай-ақ 33 жасар алматылық екі жасар қызымен көз жұмады. Оның бес жасар ұлы мен «Тойота» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар