Қарағанды облысында бес адам газға уланып қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жекеменшік үйден бес адамның мәйіті табылды, есінен танған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда олар  иіс тиіп уланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға Қарағанды облысы Абай ауданының Дубовка ауылында 21 қаңтар күні 20:30-де бір бөлмелі жекеменшік үйде болған.

«5 адамның денесі табылып, 1 адам Қарағандыдағы облыстық медицина орталығына жеткізілді. Олардың өліміне газдан улану себеп болуы мүмкін. Өрт сынақ зертханасы мамандарының нұсқасы бойынша, олар пештегі ақаудың салдарынан уланған. 1961, 1981, 1984 жылдары туған үш әйелдің тұлғасы анықталды», - дейді Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Абай аудандық ІІБ жедел тергеу тобы басқа қаза тапқандардың тұлғасын анықтау және оқиға себептерін тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, олар қоғамнан оқшау өмір сүрген әрі спиртті ішімдіктердің әсерінде болған», - дейді Ж. Дәуренбекова.

Соңғы жаңалықтар