Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеретіндігі ескертілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша ТЖ департаменті өңірдегі ауа-райының күрт өзгеретіндігін ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«17 және 19 мамыр аралығында облыстың әсіресе солтүстік және орталық аудандарында  -5 градусқа дейін суық болады деп күтілуде. Тұрғындардың ауа-райы өзгерістері жайлы ақпаратты бақылап, сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмай, күн райының қарай киінуге кеңес беріледі. Бұдан өзге, түнгі уақыттарда және ауа-райы суытқан жағдайда алыс сапарларға шықпау керектігі ескертіледі», - деп хабарлайды ТЖ департаменті.

Сондай-ақ, ТЖ комитеті еліміздің басқа да төрт аудандарында ауа температурасының күрт төмендеуін алдын ала ескертеді. ТЖ комитетінің хабарлауынша, 16-17 мамыр күндері түнгі уақыттарда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, 17 мамыр күні түнде Ақмола және Қостанай облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар