Қарағанды облысында астық артылған КамАЗ аударылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер Астана-Қарағанды тасжолында қар құрсауында аударылған астық тиеген «КамАЗ» көлігін тұрғызды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бұдан басқа, «КамАЗдың» артында Петропавл-Сарыағаш және Астана-Қарағанды бағытына жол тартқан екі жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойды.


Теміртау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Ұлттық гвардияның № 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге қар астында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.
Полицейлер мен құтқарушылар «КамАЗды» тұрғызып, жүргізушіге ыстық шәй беріп, эвакуация орнына жеткізді.

«Петропавл-Сарыағаш» және «Астана-Қарағанды» бағытына жол тартқан қалааралық автобустардың жүргізушілері жолаушылармен бірге, соның ішінде 8 бала Теміртау автовокзалына эвакуацияланды.

«Ауа райы салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарды құтқару жұмыстары жалғасын табуда», - деді Теміртау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальоны бастығының орынбасары Жанат Тоқышев.

Соңғы жаңалықтар