Қарағанды облысында апаттан 3 кенші қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Саранская» шахтасында апат болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Саранская» шахтасының 5 жұмысшысы Қарағанды қаласындағы  Мақажанов атындағы клиникаға әртүрлі жарақаттармен жатқызылды.  Зардап шеккен шахтердің біреуінің басы жарақаттанып, бас сүйегі сынған. Оған ота жасалды. Басқаларының әртүрлі жерлері сынып, дене жарақаттарын алған. Сондай-ақ, үш адам қаза тапқаны мәлім болды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын бірқалыпты деп бағалады. Апаттың мән-жайы туралы толық ақпаратты «АрселорМиттал Темиртау» АҚ баспасөз қызметі кейінірек  мәлімдейтін болады. 

Соңғы жаңалықтар