Қарағанды облысында 92 млн теңге қайырымдылық көмек көрсетіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ҚР Тәуелсіздік күніне қайырымдылық акция жоспарланды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рыстин айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Маңыздыларының бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шараның әлеуметтік бағыттылығы болып табылады. Тұтастай, 95,2 млн теңге  қайырымдылық   облыс бойынша 35 500 адамға көрсетіледі. Бұл азық-түлік, естелік кәдесый, тиісті санатта материалдық көмек және т.б. болып табылады», - деді Н. Рыстин облыс әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте.

Бұдан басқа, билік кәсіпорын басшыларын, бизнесмендерді мерекеде қызметкерлеріне сыйақы беруге шақырды.

Ішкі саясат басқармасы басшысының ақпаратына сәйкес өңірде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  500-ден астам шара жоспарлаған.

 «Бүгінде жоспар шамамен 70 пайызға орындалды. 380-ге жуық шара өтті. Қамту 600 мыңнан астам адамды құрады. Жыл аяғына дейін 120-ға жуық шара өткізіледі. 21 желтоқсаннан бастап «25 жұлдызды күн» Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негіздері акциясы аясында   176 шара өткізілді», - деп атап өтті баяндамашы. Мереке күндері облыстың барлық қалалары мен аудандарында жаппай халықтық көңіл көтеру, концерттер жоспарланған.

Қарағандыда, 14 желтоқсанда  Кеншілер мәдениет сарайында мемлекеттік награда табыстай отырып, ҚР Тәуелсіздігі құрметіне салтанатты жиналыс өтеді. Мемлекеттік наградалар табыс етіледі, деп хабарлады Н. Рыстин. Қарағандыда тәуелсіздік күні мерекелік отшашу  ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар