Қарағанды облысында 600-ден астам педагог тапшы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мектептерге мұғалімдердің жетіспеуі өзекті мәселеге айналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Облыста барлығы 19 724 педагог, соның ішінде 53%-ы жоғары және бірінші санатты мұғалімдер жұмыс жасайды. Осы оқу жылында білім беру ұйымына 582 жас маман қабылданып, 172 пән мұғалімі ауылдық өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар, 609 педагогикалық кадр жетіспейді. Негізінен, жаратылыстану-математика бағытындағы, ағылшын тілі және орыс мектептеріндегі бастауып сынып мұғалімдері тапшы», - деді облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Асхат Маймағамбетов облыс әкімінің аппараттық жиналысында.

Оның айтуынша, Қарағанды, Теміртау, Бұқар жырау және Нұра аудандарында мұғалімдер жетіспейді. Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, педагогтарды мақсатты даярлауға 20,9 млн теңге бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар