Қарағанды облысында 60 мың теңге пара алған инспектор ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ауданындағы тіркеу-емтихандық жұмыстар тобының автоинспекторы 60 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталып, оған мемлекетке ірі көлемді айыппұл төлеу үкімі шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сотталушы жеке тұлғалардан оның қызметтік өкілеттілігіне кіретін әрекеттері үшін 30 000 теңгеден екі рет пара алған. Лейтенант қылмыстық іс жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3 тармағында қарастырылған «бірнеше рет пара алу» бойынша айыпты деп танылды», - деп хабарлайды Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот лейтенанттың қасақана жемқорлық жасай отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» екі бірдей заңды бұзғандығын атап көрсетті.

Сот оның ісіне қатысты алынған парадан жетпіс есе көп мөлшерде, яғни мүліктік тәркілеумен 2 миллион 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ ол  полиция лейтенанты дәрежесінен айырылды. 

Соңғы жаңалықтар