Қарағанды облысында 43 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Абай трассасының бойында жолаушылар автобусы бір жағына қарай аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық Ішкі істер департарменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың сөзінше, апат Қарағандыдан шыға берістегі автобус аялдамасынан 5 км қашықтықта болған. 

«Жолаушылар зардап шеккен жоқ. 43 адамның барлығы өздерін жақсы сезініп отыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда»,-деді Бақытжан Құдияров.

Алдын ала қорытынды бойынша жүргізуші көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай қалған.

Соңғы жаңалықтар