Қарағанды облысында 2417 жалдамалы пәтер салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 2020-шы жылға қарай 2000-нан астам жалдамалы пәтерлер салынады. Биылғы жылы оның 332-і дайын болады, деп хабарлайды әкімнің сайты.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқыны мен көлемі бойынша Қарағанды облысы Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан кейін үшінші орында тұр. 

Биылғы жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен Теміртау қаласында 90 пәтер салынады. Осакаров ауднында - 72 пәтер республикалық бюджет есебінен көтерілмек. Қарағандыда 60 пәтер жәнеде Шахтинскіде де сонша. 
Барлығы 2020-шы жылға қарай облыста 2417 сатып алу құқығысыз жалдамалы пәтер салынбақ. Оның 258-і Саранда, 240-ы Қарағандыда және 100-і Теміртауда. 

Сонымен қатар Қарағандыда тозығы жеткен үйлер қайта қалпына келтіріледі. Қазір Ермеков көшесіндегі екі 10 пәтерлі ескі үйлерді жөндеу бойынша келісімсөздер жүргізіліп жатыр. Олардың орнына жаңа жеті қабатты үйлер салып, ескі үйдегі тұрғындарды сонда көшіру жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар Ленинградская 31 және Қазақстан 32 мекенжайлары бойынша үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Мұнда мердігерлер үш қабатты кеңсе ғимараттарын салмақшы. Бірақ біз олар не дегенмен тұрғын үйлер болғанын талап етіп отырмыз. Онда үш қабаттан жоғары салуға болмайды, себебі астында шахталық қазбалар бар», - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. 

Жалдамалы үйлер биыл Шет, Қарқаралы, Абай, Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ Сәтпаев пен Қаражалда да салынбайды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс барысында бұл қалалар мен аудандардың басшыларына халықты баспанамен қамту бойынша жобалар құрастырып, оларды жақын арада іске асыру туралы тапсырма берді. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар