Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне 150 ерікті дайындап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Астанада өткелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесіне 150 ерікті дайындады. Бұл туралы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мирас Құттыбай мәлім етті.

«Облыста студенттер мен оқып жатқан жастардан құралған, 1500 адамды қамтитын 70 волонтерлік топ бар. Бұл топтар түрлі бағыттарда: әлеуметтік, спорттық, экологиялық, мәдени, жануарларды қорғау салаларында жұмыс істейді», - дейді Құттыбай жастар кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, қарағандылық жастар халықаралық жарыстарды өткізу кезінде еріктілер тәжірибесін жинақтаған. 2014 жылы жергілікті еріктілер Қарағандыда велоспорттан өткен Азия чемпионатында, 2015 жылы Алматыда трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогінде өз қызметтерін сауатты атқарып шықты.

«Астанада өткелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесіне 150 адамнан құралған топ жасақталды. Резервте тағы 50 ерікті тұр. Волонтерларды іріктеу комиссиясының құрамына жастар саясаты және білім беру басқармаларының өкілдері, шет тілі пәндерінің мұғалімдері, психологтар енді», - дейді ол.

Еріктілерді таңдау барысында комиссия «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ берген талаптар ескерілген. Еріктілердің жас мөлшері 18 бен 23 жас аралығында болуы шарт. Кандидаттар шет тілі біліміне сынақ тапсырды және лингвистердің алдында сұхбаттан өтті.

Соңғы жаңалықтар