Қарағанды облысы экология департаментінің жетекшісі ауысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің жетекшісі болып 53 жастағы Қанат Мұсапарбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аппараттық жиналыста хабарлады. Бүгінгі қызметіне дейін Мұсапарбеков «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰК АҚ еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры болды.

«Технологиялық процесстер мен өндірістерді автоматтандыру, автоматтандыру бойынша инженер», «Экономика және өндірісті басқару» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Семей технологиялық институтын және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Шығыс Қазақстан облысында экология саласында еңбек еткен.

ШҚО Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болған. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығын басқарған. Одан кейін «ҚазАтомПром» ҰК АҚ ауысқан.

Соңғы жаңалықтар