Қарағанды облысы БАӘ еліне қой етін экспорттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы биыл 1 200 қойдың етін Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы бүгін ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізген Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлім етті.

«Қарағанды облысы өнеркәсіпті өңір екенін білесіздер. Дегенмен, ауыл шаруашылығына да баса маңыз беріп келеміз. Себебі, аталған саланы дамытудың маңызы өте ерекше. Биыл 12 млрд теңгеге 3 мыңға жуық тауар өндірушіге қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, біздің облыстағы климаттың қолайсыздығына байланысты егін шаруашылығын дамытуда күрделі тұстары да бар. Сондықтан, алдағы уақытта мал шаруашылығына басымдық беру жөн деп отырмыз. Осы себепті мал етін экспорттауды қолға алдық», - дейді Қарағанды облысының әкімі.

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі таңда Қарағанды облысының кәсіпорындары Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шыққан.

«Қарағанды облысы осы елге қой етін экспорттай бастады. Биылдың өзінде 1 200 қойдың етін БАӘ еліне жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, өңірдегі бір кәсіпорын биенің құрғақ сүтін Еуропаға экспортқа шығара бастады. Биыл кәсіпорын кеңейіп, өндіріс қуаты екі есеге артты. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы, Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 24 пайызға өсіп отыр», - дейді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар